Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
5-11 сыныптар бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде 1200 білім алушы тегін тамақпен қамтамасыз етілсін.
Санаттары бойынша : 1 санат – 71 оқушы, 2 санат – 282 оқушы, 3 санат – 1 оқушы, 5 санат – 42 оқушы, 1-4 сыныптар бойынша барлығы 806 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Тамақ өндірісінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу үшін комиссия құрамы бекітіліп мониторинг жүргізілді. 18 қыркүйекте Мониторинг барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағам сапасы мен ас мәзірінің талапқа сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде:
-Асхана тазалығы талапқа сай;
-Ас мәзірі дұрыс құрастырылған, балаларға пайдалы тағамдар ұсынылуда;
-Асхана қызметкерлері санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, медициналық тексеруден өткен;
-Оқушыларды тамақтандыру тәртібі ұйымдастырылған.
Ескертулер:
Асханадағы қоқыс шелегін педалды шелекке ауыстыру жөнінде ескерту жасалды.
Оқушыларға берілетін тағам сапасын қадағалау, тамақтың дәмі мен санитарлық тазалығы туралы ата-ананың пікірін алу арқылы асхананың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Астың дәмі – ананың көзімен» айдары жүргізілуде.
Ата-аналардан перспективалық меню бойынша дайындалған тағамның дәміне бақылап, тексеру үшін:
1 «а» сыныбының ата-анасы Сегізбаева Света, 16.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды.
1 «а» сыныбының ата-анасы Абибуллаева Гулбахыт Гарифуллаевна, 17.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды.
1 «а» сыныбының ата-анасы Серікбаева Айдана, 18.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған гарох пюресінің езіліп піпегендігін айтты. Горохтың дайындалу ерекшелігі технологиялық карта бойынша қайта тексеріп, аспазшыларға ескертілді.
1 «а» сыныбының ата-анасы Тәуекел Ғалия, 19.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды. Сол күнгі ас мәзірі негізінде берілген алманың сыртын ашып, турап беру жөнінде ұсыныс айтты.
1 «ә» сыныбының ата-анасы Қалмурат Ақниет, 22.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды.
1 «ә» сыныбының ата-анасы Ильясова Салтанат, 23.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды.
1 «ә» сыныбының ата-анасы Жұмабекқызы З, 24.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін ұнатып, жақсы пікірін қалдырды.
1 «ә» сыныбының ата-анасы Аманбаева Ш, 25.09.2025 күні ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның дәмін бақылады. Ас мәзіріндегі соусқа тоқталып, балалардың бұл тағамды онша ұнатып жемейтінін айтты. Балаларға манка кашасы, күріш ботқасын беру жөнінде ұсыныс айтты.
Саралай келе: 1 сынып бойынша а, ә, б, в, г сынып ата-аналары келіп, ас мәзірі бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы
Білім беруді басқару органы, білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығыменбекітілген білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес тіркеу және есептілік функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тегін тамақ алатын білім алушыларды есепке алуды жүзеге асырады.






