Айдар атауы: «Дәмін көр де, баға бер!»
Мерзімі: күнделікті
Мақсаты:
Оқушыларға берілетін тағам сапасын қадағалау, тамақтың дәмі мен санитарлық тазалығы туралы ата-ананың пікірін алу арқылы асхананың жұмысын тиімді ұйымдастыру.
Айдар аясында:
-Ата-аналар күн сайын кезекпен мектеп асханасына келіп, балаларға берілетін ыстық тамақтың дәмін, сапасын, температуралық күйін тексереді;
-Арнайы Бақылау парағына өз пікірін, ұсынысын жазып қалдырады;
-Ас мәзірі стендінде әр аптада ата-аналар бағасы мен ұсыныстары жарияланып отырады.
Ұраны:
«Бала денсаулығы-бәрімізге ортақ жауапкершілік!»






